38.3 C
Шымкент
Пятница, 25 июля, 2025
Smarttop.kz

«ЕЛТАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының əкімі Досбол Есілбек «Елтай» тұрғын алабын аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында туындаған жәйттер мекенжай басында талқыланып, әсіресе тұрғындар көтерген су мәселесінің шешу жолдары айтылды.
Атап айтсақ, 60-тан астам тұрғын үйлерге беріліп отырған судың қысымы өте аз. Оған жекеменшік есебінен тартылған құбырдың су жеткізу қуаттылығы төмендігі себеп болып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін тұрғын үйлерге арналып жаңадан орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында қарастырылуда.
Сондай-ақ, алабтағы орналасқан 4 тұрғын үйге көлік қатынайтын жол ашу қажеттігі де айтылды. Жер телімдері бұрынырақ Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан берілген болатын. Жол түсуі тиіс жер телімі «Сарем» ӨК-нің теңгерімінде. Бұл мәселені де оңтайлы шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болды.
Сонымен бірге, тұрғындар осы елді-мекендегі «Ынтымақ» кафесі жанына бейнебақылау орнатуды сұрастырды. Аталған жерге бейне бақылау орнату бойынша құзырлы мекемелерге өтінімдер жолданғаны да атап өтілді.
«Елтай» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесудің қорытындысы бойынша айтылып, көрсетілген мәселелер аудан әкімінің тұрақты бақылауында болатын болды.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА АНАЛАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКС – ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЕРЕКШЕ ТЕТІГІ

smarttop

БИЫЛ 65 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру