0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

195 ОРАМ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамға газ берілді. Салтанатты шараға бір топ халық қалаулылары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов сынды мәжілісмендер, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Көгілдір отын біздің күнделікті тіршілігіміз үшін аса қажет. Газ құбырлары алаулатып жеткізілген аумақтың тұрғындары қыста от жағып, күл шығару азабынан құтылады. Иек астындағы газ пешін қолдану арқылы қаншама үй бикелері отқа ас-ауқат дайындап әуре-сарсаңға түспейді.

Десе де, сақтық шараларын қадағаламаса күнделікті тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ адам өміріне аяқ астынан үлкен қауіп төндіріп жатады. Метан мен сұйытылған газдың ағып кетуінен адамдар тұншығып, уланып өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Кейде бұл жағдайлар жарылысқа апаруы мүмкін. Тұрмыста тауарлық газды пайдаланатын болсаңыз, газ жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң түрде сақтауға, газ жабдықтарының, желдеткіш көздері мен мұржалардың қалыпты жұмыс жасауын қадағалауға, мұржаны уақытында тазалауға, қыс мезгілінде қатып, бітеліп қалмауы үшін мұржаның басын ай сайын тексеруге, мұржаның тарту күшін әр жылу беру маусымы басталар кезде мамандандырылған ұйымға тексертуге, нысанда өз бетінше газдандыру, қайта монтаждау, монтаждау, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге мұқият болуыңыз тиіс.

Аталған орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр.
-Көптен бергі арманымыз орындалды. Қыстың күні бүрсең қақпай, аяздарда тоңбайтын болдық,-деді ақжаулықты аналар.

Естеріңізде болса, шаһар басшысының тапсырмасына сай, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Балтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп алуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

12.06.2023 ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардың нөсер жауыннан жапа шекпеуін қадағалауда қызметте жүр

smarttop

Полицейлер мүмкіндігі шектеулі балаларға спорттық құрал-жабдықтары сыйға тартты

smarttop

Пікір қалдыру