3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 324 ПӘТЕРГЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

🔷 «Отбасы банк» АҚ «Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату» бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.
«Таза» әрлеуде 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге,

🔷 Тұрғын үй бірліктерінің саны: 324
Тұрғын үй түрі 1-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 49,35 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 66,07 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 3-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 82 ш. м.;
Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 18.08.2023 жыл. бастап 11.09.2023 жыл.
Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 12.09.2023 жыл.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады
Өтініштер менің кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша ғана қабылданады:
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3) жетім балалар, ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) толық емес отбасылар (2022 жылдың негізгі тізімінен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар).
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

🔷 Берілген өтініштерді пулға тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

🔷 Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

smarttop

ЖАРЛЫҚ БОЙЫНША ТАҒАЙЫНДАЛУ

smarttop

ЖОЛДАУДА ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру