28.3 C
Шымкент
Четверг, 26 июня, 2025
Smarttop.kz

БАҚЫТТЫЛАР БАҚЫТТЫ ҚАЛАНЫ САЯХАТТАДЫ

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Бақытты қалаға саяхат» байқауының кезекті жеңімпаздарын қарсы алды.

Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында Туризм индустриясы комитетінің ұйымдастыруымен “Qazaqstan Live Fest” фестивалі өткен болатын. Халықаралық көрмеде «Бақытты қалаға саяхат» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталған.

Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, әзірбайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді. Осы орайда дамыту бойынша ұйымдастырылып отырған байқау. Демалыс орнындарымен туристерлік мекенді көбейту мақсатында   байқауды ерекше етіп жасағандары көрінді.Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы, аквабағы, техносаябағы, «Кең-баба» этнографиялық саябағы, «Nimex Land» пен «Бамзик» ойын-сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған. Әрине, қаланың солтүстік бөлігін дендробақ, зообақ, ипподроммен байланыстыратын ұзындығы 6 шақырымдай балалар темір жолының алатын орыны айрықша.

Бұл жолғы байқаудың жеңімпаздары – 2003 және 2007 жылы туылған Қарағанды облысының тұрғындары.
Жасөспірімдер Шымкентке саяхатқа келіп, туристік орындармен танысты. Атап айтсақ, балалар туризмін дамытуда ерекше нысан – хайуанаттар бағы, дендропарк және Цитадель және Орта Азиядағы ең үлкен аквасаябақ «FONTAN» су қалашығында болды. Сондай-ақ қаламыздың танымал ас мәзірінен де дәм татып, ерекше әсерге бөленді.

Осылайша жеңімпаздар екі күндік сапар барысында қаламыздың туристік әлеуетімен танысып, қаланың қонақжайлы келбетіне тәнті болып қайтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ СИТИ» — МЕГАПОЛИСТІҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖОБА

smarttop

ШЫМКЕНТКЕ 134, 2 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру