5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

САЯБАҚҚА СӘН КІРДІ

Шымқаладағы көрікті демалыс орындарының бірі-«А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік Дендрологиялық саябағы». Тұрғындар мен қонақтар осы саябақта серуендеп, демалуды әдетке айналдырған. Сол себепті де саябақ тазалығы басты назарда.

Осыған орай саябақ аумағында «Build Stroi» және «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді. Жасыл желектер суғарылып, толық тазалау жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде адамдардың жүрісіне қауіп төндіріп тұрған талдар кесіліп, бұталанды. Оған 400- ден астам жұмыс күші және 20 техника жұмылдырылды. Бұл әрине, бір күндік жұмыс емес, тазалық жұмыстары кестеге сай ұдайы жүргізіліп тұрады.

Жалпы дендросаябақ- жергілікті маңызы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Оны күтіп-баптау тек тазалық жұмыстарын жүргізетін белгілі бір мекеменің ғана міндеті емес. Сондай-ақ, тазалықты сақтау әрбір саябаққа келіп, демалушының да міндеті. Өйткені, қоршаған ортаның тазалығы адам өміріне әсер етеді.

Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Әуелде бұл аймақ қоқыс тастайтын орын болған. Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен 1979 жылы саябақ бой көтерген. 2019 жылы саябақтың 40 жылдығына орай Асанбай Асқаровтың есімі берілді.
Бүгінде дендросаябақта 100 мыңнан астам ағаш-бұтаның 406 түрі өсіп тұр. Оның ішінде, Қазақстанның қызыл кітабына енген өрік, іле бөрі қарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны атты 7 түрлі ағаш бар. Оған қоса сирек кездесетін 61 түрлі ағаш тіркелген. Саябақ ішіндегі тұқымбақтың жалпы көлемі 1,5 га. аумақты құрайды. Онда қазір 23 түрлі 11 392 дана көшет өсірілуде. Тұқымбақтың өзі екіге бөлінген. Негізгі тұқымбақта 2 638 қылқан жапырақты, 3 382 жәй жапырақты және 599 дана өзге көшет түрлері өсіп тұр.

Ұқсас ақпараттар

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

Түркістанның полицейлері ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру