9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СЫРЛЫ СОЗАҚТА СҰЛУЛАРДЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Осы орайда Созақта « Бақ Нұры» іскер әйелдер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Іскер әйел: жаңа мүмкіндіктер – 2022» атты облыстық деңгейдегі форумы өтті.

Әйел деген сөз немесе ұғым сіздердегі ойларыңызға бірден  келетін ол үй шаруасындағы адам немесе  жақсы жар. Әйелдің сізбен біз білмейтін қырмен сырлары өте көп. Ал «Іскер әйел» бүгінде бүкіл әлем әйелдері өздері туралы стереотиптерді бұзып, табысты кәсіпкер болу үшін қажетті қасиеттерге ие екенін дәлелдеуде. Іскер Әйел форумы- әйелдерің жетістіктерімен, мемлекеті үшін қосып жатқан үлесі туралы қозғалатын  іс-шара. Мемлекет тарапынан  жасалынып жатқан мүмкіндіктерді пайдалануыда әйелдер қауымына үлкен қолдау.  Феминизмдік ұстаным бар елдермен салыстырғанда Қазақстандық әйелдер қауымы  өздерінің тәрбиелік жағынан және қазақи ұстанымдарымен көзге түседі.

Іскер әйел атауы осы форум арқылы Созақ елді мекенін республикалық және  облыс деңгейінде  танытып отыр. Осы форумға  еліміздегі әр салада жұмыс жасап, еңбек етіп жүрген түрлі мамандық иелері және неше түрлі  кәсіпті басқарып, осы кәсіптері арқылы дамып келе жатқан кәсіпкер қыз – келіншектер, көпбалалы аналар, тыныс – тіршілікті жеке  сезініп,  қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, үй шаруасында да мықтысы болуға талпынатын әйелдерімізге қатысты.  Осы форумда қатысушылар және қонақтарды күтіп алумен басталды. Созақ ауданындағы  « Мыңжылқы» сарайында арнайы фотозона ұйымдастырылған. Ол фотозонадағы суреттердің иесі-танымал суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ақмарал Байғараеваның туындылары болатын.Осы форумда Ақмарал Байғараеваның туындыларының  көрмесімен, үздік іскер әйелдердің фотокөрмесімен танысты. Форум кезінде бірнеше тақырыпта баяндама жұмыстары жүргізілді. Форумда «Бақ-Нұры» іскер әйелдер  төрайымы  өз сөзін сөйлеп, баяндама жасау арқылы кезекті марапаттау сәтіне берді. Марапаттауларға тоқталатын болсақ,  «Жыл үздігі», «Үздік іскер әйел», «Мейірімді жүрек» Алғыс хаттар, Құрмет грамоталарымен марапатталса, гүлдер мен сыйлықтарғада толы болды.  Марапаттаумен шектеліп қана қоймай, 12 қыз келіншектермен көп балалы аналарға сый құрмет көрсетті. Іскер әйелдердің мүмкіншілігін арттырып, көзқарасын айқындаған нәзік жандылар форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Созақ ауданы маслихатының депутаты, журналист, кәсіпкер Нұржамал Майусова іскер әйелдердің басын қосып, өзге нәзік жандыларға үлгі боларлықтай ынталандырып ақ келеді. Әйел ана, әйел жар, әйел депутат һәм мейірімділік пен жылылыққа толы жан. Осындай іс шараның ұйытқысы болған Нұржамал ханымға ерекше алғыс.

Ұқсас ақпараттар

ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

МЕМОРАНДУМ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ ЖОЛ АШПАҚ

smarttop

Сайрамдық сақшылар 10-нан астам қару иесіне шара көрді

smarttop

Пікір қалдыру