Күнделікті өмірде отбасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алып, оларды болдырмауға үлес қосып жүрген нәзік жанды шенді арулардың орны ерекше. Солардың бірі шаршау дегенді білмейтін, өз қызметін жоғары деңгейде атқарып жүрген полиция майоры Айжан Мырзахметова.
Айжан Әділбекқызы Мырзахметова, 1984 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. Ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан маман, қазіргі таңда Арыс аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторы. Айжан Мырзахметова полицияда қызмет етіп халықтың алғысына бөленудің өзін ерекше бақыт деп санайды.
-« Әрине жұмыстың оңайы жоқ. Дегенмен көмекке мұқтаж әйелдер мен балалар барда бей — жай отыру мүмкін емес. Оларға дер кезінде көмек көрсетіп, қажетті заңды тетіктерді жүзеге асыру бізге міндет. Қажет кезінде құтқарушы да, заңгер де, психолог та болып жүрген біздің қызметімізге халық оң пікір мен дұрыс бағасын берсе болғаны!» — дейді полиция майоры Айжан Әділбекқызы.
Отбасында көп балалы ана, яғни 2 қыз 3 ұл тәрбиелеп отырған полицей Айжан Мырзахметованы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдердің құқығын қорғау саласындағы қажырлы қызметіңізге сәттілік тілейміз!
Алдыңғы
Келесі