13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қостанай өңірінде орын алған өртке байланысты қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. Солардың арасында жастар да белсенділік танытуда. Солардың арасында шымкенттік жастар да бар. Олар бүгін Жастар орталығында жиналған барлық гуманитарлық көмекті ерікті жастардың ұйымдасуымен жүк көлігіне тиеп, Қостанайға жіберілді.
Жүк тиелген көлікте зардап шеккендерге бұзылмайтын азық-түлік өнімдерімен күнделікті тұрмысқа қажетті гигиеналық құралдар, балаларға қажетті жөргектермен қатар кілемдер және көрпе-төсектер бар. Қостанай облысында болған қайғылы жағдай әрқайсымыздың қабырғамызды қайыстырды. Өрттен зардап шеккендерге көмектесіп, оларға қолдау көрсету – біздің әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Қазақстандықтар қолдарынан келгенше, керек заттарын алып келді. Олардың қатарында ұн, қант, макарон өнімдері, күріш, күнбағыс майы, ауыз су, матрастар, жастықтар, сондай-ақ сатып алынған балалар заттарын: күртешелер, жаялықтар мен аяқ киімдері бар. Негізінен қаладан 8 тонна жүк тиелген алғашқы көмек жексенбі күні кетсе, енді бүгін тағы да 40 тонна жүк тиеп жібергелі отырмыз.

Сондай-ақ ол өрт сөндірушілерге, полиция қызметкерлеріне, әскери борышын өтеген сарбаздарға алғыс айтып, қиын кезеңде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен ақ халатты абзал жандарға жылы лебізін жеткізді.Қазақстан  қоры апат салдары жойылып, залал көлемі анықталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтайтынын жеткізді. Алаяқтық және жәбірленушілерге көмектесеміз деген желеумен ақша жинау фактілерінің алдын алу үшін Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететін бірыңғай қоғамдық қор құрылды.

Әрине, жастарға қолдау білдіріп, жомарттық танытқандардың қатарында қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, жоғары және орта арнаулы оқу орындары және еріктілер бар. Жастар қиын кезде қолдау білдіргендің бәріне алғыстарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА КӨШ БАСТАҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

smarttop

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАУ АЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ТҮРКИЯНЫҢ АТАҚТЫ КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру