Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Жыл сайын Зияткерлік мектептердегі жүздеген оқушы асыға күтетін ерекше оқиғалардың бірі – тоғызқұмалақтан дәстүрге айналған желілік чемпионат. Жас спортшылар үшін тоғызқұмалақтың мәні ойыннан да тереңірек.
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны.Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны.Бүгінгі тоғызқұмалақ тақталары ойынды жаңаша ойнауға мүмкіндік береді. Әуелде біз тоғыз отауды шахмат, дойбы тақталарындағыда, а, б, в, г деп белгілейтінбіз. Бірақ тоғызқұмалақ таза есеп ойыны болғанды таң бұлайша белгілеу тек символикалық қана роль атқарды. Ал, сандық нотацияға (партияны жазып ойнау) негізделген бүгінгі тақта ойынға үлкен жаңалық әкеліп, ойынды ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік әперді.
Сайыс қорытындысы бойынша Шымкенттік NIS-тің оқушысы Алимухаммед Айтбай жекелей есепте жоғарғы топ ұлдар арасында екінші орынды жеңіп алды. Шымкент қаласы атынан жалпы 4 оқушы мектеп намысын қорғап, сайысқа түсті.
Алимухаммед Айтбай Шымкент қаласы атынан NIS жүйесінде тоғызқұмалақтан желілік спартакиадаға осымен төртінші рет қатысып отыр. Зияткер оқушының айтуынша тоғызқұмалақ ойыны адам бойына табандылық пен шыдамдылықты үйретеді.
— Тоғызқұмалақ ойыны адам бойына табандылық пен шыдамдылық қасиеттерін арттыруға көмектеседі. Сол үшін де мен ойын ұйымдастырушыларына алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ спартакиада аясында өзіме көптеген достар табуға мүмкіндік алдым. Бұл ойынмен ғана шектелмей, алдағы уақытта да тоғызқұмалақ ойынында үлкен жетістіктерге жететініме сенемін, — дейді оқушы.
Тоғызқұмалақтан V спартакиада PlayOk платформасында қашықтан өтті. Ойыншылар рапид әдісі бойынша 3 жас ерекшелікте кезең-кезеңімен сайысқа түсті.
Айта кету керек, Шымкенттік құрама команда жыл сайын спартакиадада жүлделі орындарға ие болады. Биыл да шәкірттер 100 оқушының ішінен оза шауып, олжалы болды.