13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Алаяқтық қылмысының 15 жайтына қатысы бар бойжеткен қамауға алынды

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның әйелін жақын таныс емес жас қыз алдап кеткен. Яғни алаяқ, 2021 жылы аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 800 мың теңге ақша алған. Алайда арадан 1 жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не уәдесін орындамаған, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті бойжеткен тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз, Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, бойжеткен оңай жолмен ақша табу мақсатында, аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 15 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 4 миллион теңгеге жуық. Бойжеткен қыз қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда жас қыз қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ 41-ШІ МАУСЫМ ШЫМЫЛДЫҒЫН «КЕЙКІНІҢ КЕГІ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШТЫ

smarttop

«ТАҒДЫРЫ ТӘЛКЕККЕ ТҮСКЕН ТҰТҚЫНДАРДЫ ТОЛЫҚ АҚТАУ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫМЫЗ»

smarttop

САЙРАМ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 10 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру