Smarttop.kz

Жұмыс берушісінің атынан несиеге алтын шығарып алған алаяқ анықталды

Төлеби аудандық полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның атынан танысы банк қосымшасы арқылы несиеге алтын әшекей алған.
Алайда бұл туралы жәбірленуші 1 ай уақыт өткен соң, яғни банк тарапынан қарызыңызды төлеңіз деген хабарлама келгенде ғана білген. Тұрғын осы мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында полицейлерден көмек сұрайды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жасаған ер адам болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге несиеге алтын әшекей шығарып беремін деп ұялы телефонын алған. Содан банктен мақұлдау алса да, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деп жалған ақпарат берген. Ары қарай алаяқтық жолмен тапқан алтынды ломбардка өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсап жіберген.
Жәбірленушіге келген шығын көлемі 600 000 теңге. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ТҰРАН ТҰРҒЫН АЛАБЫНА БЕЙНЕ-КАМЕРА ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТӨЛЕНЕДІ

smarttop

ТRT-нің Бас директоры доктор,  профессор Мехмет Захид Собажы  әлемдегі ең ірі хабар тарату  одағының президенті атанды

smarttop

Пікір қалдыру