-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Өтегенов” көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді.

Жол кешені жұмысының сенімділігі мен тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында негізгі қорлардың оңтайлы деңгейі кезінде қолайлы сенімділікпен және белгіленген жылдамдықтармен қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ететін Қазақстанның темір жолдарында жол шаруашылығын
жүргізудің жаңа стратегиясы қажет. Сондықтан, оқу құралдарына экономикалық басқару және талдау материалдары, капиталды қажет ететін іс-шаралардың тиімділігін бағалау және материалдық-техникалық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі де кіреді.  Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.Жол шаруашылығы темір жол көлігінің негізгі және неғұрлым қор сыйымды саласы болып табылады

Құрылыс екі кезеңмен жүргізілуде;

1-кезең “Өтегенов” көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағын ауданынан “Сырым батыр” көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1205 шақырым, ені 28 м. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.

Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда.

“Өтегенов” көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы “Сырым батыр” көшесі мен “Төлеметов” көшелері аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 м.

Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Қазіргі таңда көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде.

Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ» АТАНДЫ

smarttop

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру