16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА БАСШЫСЫ БОЗАРЫҚТА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Бозарық» шағын ауданындағы 74 га жерге тартылып жатқан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасын қадағалады. Қазіргі заман жағдайында əлеуметтік инфрақұрылым қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігінің маңызды факторы, адамның ұтымды өмір сүруі үшін материалдық мүмкіндіктерді қолдануының тереңдігі мен кеңдігінің көрсеткіші, сонымен қатар мемлекет экономикасының əлеуметтік бағдарлану деңгейінің көрсеткіші болып табылады.Қазіргі заман жағдайында əлеуметтік инфрақұрылым қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігінің маңызды факторы, адамның ұтымды өмір сүруі үшін материалдық мүмкіндіктерді қолдануының тереңдігі мен кеңдігінің көрсеткіші, сонымен қатар мемлекет экономикасының əлеуметтік бағдарлану деңгейінің көрсеткіші болып табылады.Экономика мен рухани өмірдің жан-жақты тығыз байланысы толық көлемде көрінеді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында адами факторды ескерудің қажеттілігі арта түсуде. Сондықтан қоғам өмірінің кез келген жағын қарастырғанда əлеуметтік даму сұрақтары шешуші орында болады.

Аталған аумақтың 7 шақырымына электр энергиясы толықтай тартылып, құрылысы жүріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлер қыркүйек айынан бастап сапалы электр қуатымен қамтылды.

Бұған қоса 4,1 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Құрылыс толығымен жыл соңына дейін аяқталады, ал әзірге тиісті жұмыстың 20% атқарылды.

Сондай-ақ мұнда жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі тартылуда. Қазіргі уақытта құрылыстың 70%-ға жуығы орындалып, жоспар бойынша қалған жұмыстар қараша айында толық аяқталады.

Әрбір істің сапалы болуын талап еткен шаһар басшысы нысандар құрылысы мерзімінде аяқталуы қажеттігін айтып, тиісті басқарма басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

СҮЙІНШІ! ЖЕРЛЕСІМІЗ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

smarttop

«ЦИФРЛЫҚ ЖОЛАЙРЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТТЕРІНІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру