16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫНА ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін, Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Шымкент Механикалық Зауыты» ЖШС ұжымының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиында мемлекет басшысының Жолдау баққыттары туралы түсіндірілді. «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Анарбеков, және кәсіпорын жұмысшылары қатысты.

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді. Сонымен қатар ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті.

Президент бұл Жолдауында да көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталды. Әсіресе агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, сондай-ақ індет кезінде зардап шеккен шағын және бизнеске қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабыл алды.

Кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілері әсіресе жер алу, мемлекеттік сатып алу, заңсыз тексерістер мәселері бойынша жиі келеді. Мысалы, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік сатып сұрақтары бойынша бізге 59 өтінім келіп түсті. Кәсіпкерлер палатасы 50-ден аса консультативтік кеңесші органдардың  құрамында бар, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша аудандық, облыстық деңгейдегі комиссиялар құрамына мүшеміз. Сол себепті де, кәсіпкерлікке қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса, Өңірлік палатаға жүгінулеріңізге болады.

-Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана, жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, өз кәсібіңді дөңгелетіп табыс табуға барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өн бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса, ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді Н.Анарбеков

#AMANAT
#Тоқаевпенбіргеміз

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — БҮГІНГІ МІНДЕТ” ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

smarttop

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

smarttop

Пікір қалдыру