Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді жастарымен кездесті. Осы кездесудегі басты қозғаушы ретінде жастардың мәселелерін қарастыра алатын жеткізді.
«Global coffee» ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастар көкейіндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, белсенді жастарымен саяхат жасау, студенттерімен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізу,ұлттық спортты дамыту (атқа міну) сынды ұсыныстар айтылды.
Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Жастар жылы кейбір айтулы даталар сияқты ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші,еліміздің ертеңі.
Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс.
Орталық басшысы М. Исахов өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар жастар қоғамның идеалына айналатынын айта отырып, жастарды өз елінің патриоты, идеал тұлғасы болуға шақырды.
—Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда.
#МенЕлімдіСүйемін