22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ  ДӘСТҮРЛІ ДІН ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Шымкент қаласының Орталық мешітінде дәстүрлі дін өкілдері бас қосты. Дін өкілдерінің бас қомуында  Шымкент қаласы имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамберді Орталық мешіт жұмысымен таныстырды. Кездесуге келген христиан дінінің өкілі Александр Могилевский ғимаратты аралап, таңданысын жасыра алмады.

-«Мешітке алғаш рет аяқ басуым. Бұл мешіттің әдемілігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бізге экскурсия жасап жатқан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді А.Могилевский.

Имамның айтуынша, «Ақмешіт» орталық мешітінің құрылысы 2008 жылы бастау алып, 2010 жылы халық игілігіне берілген. Мешіт жалпы аумағы 6 гектар жерді алып жатыр. Бір мезетте 5 мыңнан аса адам намаз оқи алады. Мешіт сыртқы сәулеті қазақтың киіз үйіне ұқсас. Биіктігі 37 метрлік ақ күмбез бен әрқайсысының биіктігі 33 метрді құрайтын 4 мұнара алыстан менмұндалап тұр. Ғимараттың бірінші қабатында кіші намазхана, конференция залы, кітапхана, медресе неке бөлмесі, әйелдер бөлмесі мен шаруашылық бөлмесі орналасқан. Ал, екінші қабатында имам бөлмесі, кітапхана және 4 қызметтік бөлме орналасқан. Мешіттің айналасы көп жылдық және мерзімдік жасыл желекпен абаттандырылған. Сонымен қатар, автотұрақ сыйымдылығы мың көлікке арналған.

–Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ислам дінін ұстанып, құлшылық ғибадатын орындаған. Бұл адамзатты екі дүниенің бақытына жетелейді. Шымкенттегі Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына ресми тіркелген 88 мешітте 250-ге жуық дін қызметкері жұмыс істейді. Олар қоғамдық жұмыстарды белсене атқарып, қайырымдылық шараларын өткізіп, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге атсалысып жүр. Мұның бәрі ауызбіршілік пен ынтымағымыздың арқасында, -деді Мұсабек Ақтамберді.

АЙТА КЕТУ КЕРЕК «Ақмешіт» орталық мешіті 2008 жылы сол кездегі ОҚО әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Шейх Халифа бин Зәид Әл Нахайян» қайырымдылық қоры арасындағы екіжақты келісімі негізінде бой көтерген.

 

 

Ұқсас ақпараттар

АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СУ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ – ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ОҢ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру