Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, «Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді» деген болатын.
-Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды құжат. Онда отандастарымыз көптен күткен іс-шаралар қабылданды. Мәселен, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударылады. Мені бұрыннан ұстаз ретінде білім беру мәселесі толғандыратын. Дегенмен бұлай тоқмейілсуге де болмайды. Бір нәрсе анық, ол – ең негізгі міндет ретінде жастар кәсіпкерлігін дамыту және жас кәсіпкерлерге жеке бизнесін қалыптастыруға және шағын бизнесте өзіне жұмыс табу үшін мүмкіндік беру қажет. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге қолдаудың көрсетіліп жатқанын айтады, ал жас кәсіпкерлер қолдаудың жеткіліксіз екендігін алға тартып келеді. Менің ойымша бұл үнемі жүретін күрес.
Енді елімізде «Жайлы мектеп» атты жаңа ұлттық жоба қолға алынды. 2025 жылға дейін республикада 800 мың студенттік орын ашылады. Бұл апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Мен шымкенттіктердің Жолдауды жүзеге асыру ісін қолға алғанына қуаныштымын. Ал, бизнеске, атап айтқанда, өнеркәсіп саласына келер болсақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілмек. Енді бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке көбірек қаржы түседі деген сөз, — деді Р.Пак.
Кондитер фабрикасының жұмысшылары құнды ақпарат үшін қонақтарға алғыстарын білдіріп, Жолдауда айтылған нақты бағыттар қазақстандықтардың мақсат-тілектеріне сай келетінін атап өтті. Олар өз тараптарынан қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.