13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«Ел болашағы – кітап оқитын ұлт» атты іс-шара өтті

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шымкент қаласының жас жазушылары, әдебиет сүйер қауымымен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесті.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес шығар.Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге, жасөспірімдерге  кітап оқуға толық мүмкіншілігі бар.

Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынуда. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда.

– Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың нақты мақсаты болуы тиіс. Жастар қазір кітаптан алыстап барады. Керісінше, біз кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Кітап оқыған жастар, азаматтар өз ұлтын сүйеді. Өмірге деген құштарлығы артады. Интеллектіміз өскенде біздің тұрмысымыз түзеліп, өндірісіміз де дамиды, – деді М.Отарбаев.

Еркін форматта өткен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Зиялы қауым өкілдері, жас оқырмандар әдебиетті дамыту мәселелері, кітап оқуға қызықтыру, кітапты жарнамалау бойынша өз сауалдарын қойды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

smarttop

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ 36 ИНВЕСТ ЖОБАМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

smarttop

ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР АЗАМАТЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру