Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті…тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді. Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуімізге болады. Тіл қоғамдық үдеріс болғандықтан, антропонимия саласындағы сөздер де қоғамның өсу, дамуымен байланысты өзгеріп, мағыналық тұрғыдан жаңарып отырады.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Қызылжар тұрғын алабы Жиделібайсын көшесіндегі 7 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталып, кәсіп иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ескертілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.