21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

«Shymqala» этноауылында «Текемет-fest» этнофестивалі басталды

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік қолөнер шеберлерінің фестиваліне Шымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысының Сауран, Арыс ауданы және Өзбекстан, Қырғызстан елінен қолөнер шеберлері қатысуда. Шымкент қаласының этноауылдарының бірінде жасалған фестивал халықтың көңілінен шықты.
– Ұлттық қолөнер бұйымдарының ішіндегі ең көнесі – текемет. Негізгі мақсат – ұмыт болып жатқан дүниені қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттау. Шарада шеберлер текеметтің шығу тарихын, түрлерін айтып, жасалу жолдарын келушілермен бірге жасайтын болады деді,- қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, архивтер басқармасының бөлім басшысы Динара Серікқызы.
Фестивальде қойдың жүнін қырқудан бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізетінін яғни, жүн сабау, түту, бояу, тарау, шабақтау, шүйкелеу, түр салу, текеметті басуды көрсетті.
–Текеметті төсеген кезде жылы болады, аяқтан сыз өтпейді. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз көшіп-қонғанда киіз үй тіккен, текеметті төсеген. Жүнне жасалған бұйымдар жиі қолданыста болған. Дәстүрді жаңғыртып, жастарға текемет басудың қыр-сырын үйретіп отыруымыз қажет,- деді Өзбекстанның келген шебер Есенгүл Мырзаева.
Он саусағынан өнері тамған шеберлер басқан ою-өрнекті текеметтер көздің жауын алады.
– Біз Қырғыз елінің текеметін алып келдік. Төсенішті жасауда бауырлас елдерде қатты айырмашылық жоқ. Бүгін келушілерге қырғыз елінің текеметінің қалай жасалатынын көрсетеміз, — дейді қырғызстандық қолөнер шебері Сұлтанәли Апжаппар.
«Текемет-fest»-те түрлі ұлттық нақыштағы кәдесый, төрт-түліктен өндірілетін өнімдерден жасалған бұйымдардың көне үлгілері, бүгінгі заманауи өнімдерден құрылған көрме жасақталды. Фестиваль ертең де жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

КООПЕРАТИВКЕ БІРІККЕН ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

smarttop

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

smarttop

ЖАЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕГЕ 1000-НАН АСА ҚҰС ҰЯСЫ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру