4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ АСПАНҒА КӨТЕРІЛДІ

Ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды. Осыған орай бүгін Шымкентте Тәуелсіздік алаңында Туымыз көкке көтерілді. Мемлекеттік ту — мемлекеттік рәміз болып табылады. Сол мемлекеттің өкіметінің белгісі. Шетелде ұлттық байрақ деген термин көп қолданады, оның себебі — ол елдерде ұлт деген түсінік этникалық қатыстықты емес, азаматтықты белгілейді.Мемлекеттік ту — мемлекеттік рәміз болып табылады. Сол мемлекеттің өкіметінің белгісі. Шетелде ұлттық байрақ деген термин көп қолданады, оның себебі — ол елдерде ұлт деген түсінік этникалық қатыстықты емес, азаматтықты белгілейді.

Салтанатты рәсімге қала басшысы М.Әйтенов, халық қалаулылары, құқық қорғау орган басшылары, сот, қоғам белсенділері мен БАҚ қатысты.

Тарихи датаның маңыздылығын айтқан М.Дүйсенбекұлы жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

“25 қазан — Республика күні — егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны. Көк туымыз көктен түспесін, бай-қуатты мәңгілік мемлекетке айналайық! Шым шаһарымыз бұдан да көркейіп, гүлденуі жолында сіз бен біз боп бірлесе атсалыса берейік!”-деді әкім.

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.

Шымкент қалалық опера және балет театрының хор ұжымы “Көк тудың желбірегені” әнін орындап, әскери үрмелі оркестрдің орындауында патриоттық музыкалық әуендер шырқалды.

Мерекені айшықтай түсу мақсатында салтанатты шара вело және көліктер шеруіне жалғасты.

Ұқсас ақпараттар

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІГІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Председатель шымкентского филиала партии АМАНАТ проголосовал на референдуме

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР 15 МЫҢ КОМАНДАНЫҢ АРАСЫНАН ОЗЫҚ ШЫҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру