Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап ​ «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы ​ жүзеге асырылған болатын. Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі ​ әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Еске сала кетейік, пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында орналасқан.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет:

Тел: 87072019150, 87754477889, 87774237777.

Ұқсас ақпараттар

“АМАНАТ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

smarttop

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТА ӨҢІРЛІК БРЕНДТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру