Пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Шымкент қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, пәтер иесінің салық бойынша қарызының жоқ екеніне көз жеткізу қажет. Мұндай анықтаманы Салық департаментінен алуға болады.
Келесі кезекте үй орналасқан ауданның қолайлылығына мән берген абзал. Бұл ретте ауданның ауасының тазалығы, балалар ойнайтын алаңның сапасы, жақын жерде мектеп, балабақша, дүкен, емхана, дәріхана секілді нысандардың болуы маңызды. Одан бөлек, үй көлік тұрағы мен қоғамдық көлік аялдамасына неғұрлым жақын болса, соғұрлым қолайлы болмақ. Жолдың жарықтандырылуы мен абаттандырылуы да таңдау жасарда мән беру қажет жәйттер.
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында орналасқан.
Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттар туралы тізім.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет:
Тел: 87072019150
87754477889
87774237777