0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ-ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА

Бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарас­тары» деген шығармасындағы мемлекеттің пайда болуы, онда­ғы тексіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әр адам­ның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам болып тіршілік ету керектігі туралы айтылған пікірлері бүгінге дейін өзекті.

Ғылымы мен білімі, мәдение­ті қарыштап дамыған Отырар қа­ласынан шыққан әл Фараби баба­мыз «Қайырымды қала тұр­ғындары» трактатын жазу ба­рысында Шығыстың жүздеген шаһарын аралап көрді. Көне Шам мен даңқы дүрілдеген Бағ­датқа да барады. Сол сапарларда көрген-түйгендерінің, рухани ізденісінің нәтижесінде «Қайырымды қала тұрғындары» атты теңдессіз еңбек дүниеге келді. Сол бабамыздың ойын біз мың жылдан кейін қайта жазып, оны жас ұрпақ санасына сіңіре беруді көздеп отыр­мыз. Біз әл-Фараби, Абай сынды ұлы тұлғалар еңбек­­терінің мемлекеттік тәуел­сіз­дікті нығайту, ұлт тұтасты­ғын ұйыстыру, жастарды отан­­сүйгіштікке, патриотизм­ге тәр­биелеудің негізі екенін ұмыт­пауымыз керек. Әл-Фарабиді таныған, Абайды түсінген ұрпақ өзінің ұлттық кодын тез табады деген ойдамыз.

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты.

Қазір Шымкент қаласында 248 178 жас бар. Бұл мегаполис халқының  20,7 пайызын құрайды. Жастарға ақпараттық қолдау мен бағыт-бағдар беруде Жастар ресурстық орталығының алар орны айрықша. Қаладан шалғайда орналасқан елді мекендердегі жастарды орталыққа жұмылдыру мақсатында 2021 жылы Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен 4 ауданда Жастар орталығының филиалы ашылды. Осы орталықтар күніне 800-ге жуық жасқа қызмет көрсетеді.

Жастарға арналған орталықтың ұйымдастыру жұмысына оң бағасын берген Дархан Қуандықұлы мемлекет тарапынан әрбір жастың тың жобасын қолдауға дайын екенін айтып, әділетті Қазақстанды құруда жастардың қоғамдағы белсенділігі маңызды екенін жеткізді.

–Шымкент қаласының әкімдігі жастарға көп жағдай жасағанының куәсі болып отырмын. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, елдің дамуына арналған кез келген тың жобаларыңызды ұсынып, бар ынтамен еңбек етуге, ізденуге шақырамын. Әділетті Қазақстанды құруда сіздердің де белсенділіктеріңіз өте маңызды, -деді ол.

Жастар ресурстық орталығымен 10-нан астам волонтер ұйымы, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 4 мыңнан астам белсенді ерікті тығыз байланыста жұмыс істейді. Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялауында үлкен мән жатыр. Өйткені ерікті болу халқымызда ежелден қалыптасқан үрдіс.

–Ерікті болу, ізгі бастамаларға қолдау көрсету, қайырымдылық істерге атсалысу қазақ халқының қанына сіңген қасиет. «Шымкент –қайырымды қала» деп аталуы да тегін емес. Қайырымдылық тек кітапта жазылатын дүние емес, әр қазақтың жан-дүниесінде бар ұғым. Ерікті болуға талпынған жастарға қолдау көрсету де біздің міндетіміз, — деді Дархан Қыдырәлі.

 

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру