16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

САЯБАҚТЫҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Абай саябағы — Шымқаланың орталық демалыс аймағы. Алысқа ұзамай қаламыздың өзінде де серуендейтін жерлер көп. Солардың бірі Шымкент қаласының орталығында орналасқан Абай атындағы саябақ. Саябаққа қазақтың атақты ақын — жазушысы Абай Құнанбаевтың есімімен белгілі. Демалыс күндері немесе қолыңыз босаған күндері уақытыңызды пайдалы және ләззатпен өткізу мен қатар көптеген биік-биік ағаштар арасымен серуендеудің жақсы жолы – Абай саябағында қыдыру. Айта кететін тағы бір мәселе, саябақ аумағында ашылғанына көп ұзамаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларымызға арнап салынған Даңқ мемориалы және Делфин суға шомылу бассейндері мен кафетерийлер орналасқан.Күннің жылы кездерінде саябақта демалу өте ыңғайлы, қолайлы жер. Алайда, парктың адамдар көп шоғырланатын аймақ екенін ескерсек тазалығы сын көтермей жатады. Демалысқа келгендер шашылған қоқысты жинау, өзге де кедергі келтіретін көзге оғаш көрінетін жерлердің тазалығы емес демалғандарына мәз болып қайтатыны жасырын емес. Сондай ақ,

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Абай» саябағының аумағындағы жүріп өтуге кедергі келтіріп, саябақтың өңін кетіріп тұрған бетон бағаналар алыну жұмыстарын қолға алды.

Сонымен қатар 20 жұмысшы 4 техника жұмылдырылып, қураған ағаш бұталарын тазалау, қоқыстарды жинау, аяқ жолдар мен ирригациялық арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек «Абай» саябағына басқарма жоспарына сәйкес жаңадан 700 дана арша, туя, альбиция, писсарда ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылуда.

Тазалау, реттеу, ағаш отырғызу, саябақты әрі қарай жандандыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Басқарма басшысы 2021-2025 жылдары жасыл аймақтарды ұлғайту жоспарымен таныстырды. 2021 жылы жасыл аймақты 250 гектарға дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылы 2250 га. 2023 жылы 3000, 2024 жылы 3200, 2025 жылы 4300 гектарға жеткізу межеленіп отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша қала әкімінің қаулылары шыққан жер телімінің аумағы – 4175 га. Оның ішінде, бүгінде 1 022 га жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды.

Сондай-ақ, есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесін ұсынылды. Атап айтқанда, қалада жасыл аймақ аумағына гледичие, шаған (ясень), бадам, қарағаш және жиде ағаштарын отырғызу жоспардануда.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЯЛДАМАЛАР ЖУЫЛДЫ

smarttop

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру