Шымкентте түннен бастап қар жауды. Осыған орай алғашқы қар тазалау жұмыстары да басталып кетті. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының аумағындағы ішкі орам және орталық көшелерді қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Абай ауданында Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз шаңсорғышы – 1 дана, Haide шаңсорғышы – 2 дана, Жүк тасығыш – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.
Тазарту қондырғыларының аумағында қарды түсіретін арнайы орындар бар. Содан кейін ол шелегі бар трактордың көмегімен вагонға қойылады. Қар еріту машиналары дизель майымен жұмыс істейді.«Бұл қондырғылар – мобильді. Таяу уақытта қазіргі тазарту қондырғыларының аумағында жиналған қарды ерітіп болғаннан кейін, самосвалдардың келу уақытын азайту үшін қар еріту машиналарын басқа учаскелерге көшіреледі.
Ал Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Ол қар еріту қондырғысы негізінен аз мөлшердегі қоспалармен араласқан қарды шығару үшін пайдаланылатынын атап өтті. Қалың қар болса полигондарға жіберіледі. «Жұмыс тәулік бойы екі ауысымда жүреді. Әр ауысым 8 сағатқа созылады. Қардың тығыздығына байланысты қондырғылар сағатына 250-ден 450 текше метрге дейін қарды суға айналдыра алады. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда. Қар тазалауға техникалар мен қоса 50-ден аса жұмысшы күші жұмылдырылды.
Еңбекші ауданында тазалау жұмыстары мердігер мекеме «Жасыл Жер» ЖШС тарапынан жүзеге асуда. Аудан көлемінде тазалық жұмыстарына жалпы саны 220 адам қатысып жатыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі