16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ЖАҢҒЫРУ – ЖЫР АРҚАУЫ» АТТЫ САЙЫС ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласының «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысы өтті.  «Қазақтану» жобасы қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан халқының қоғамдық санасына сіңіруге бағытталған.
Сайысқа этностық топ өкілдері санатындағы жастар қатысып, қазақ тіліндегі көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті, классик ақындарымыздың топтамаларынан өлеңдер оқып, поэмаларынан үзінділер келтірді.  Жалпы жобаның Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптейтіні белгілі. Сондай-ақ, этнос түріне қарамастан, қазақстандықтардың ортақ мәдени коды – біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи сана негізінде халықтың бірлігін нығайтуды көздейді. Жобаны қала аумағында іске асыруда қалалық ассамблея жанынан құрамына ғалымдар, қоғам белсенділері, өлкетанушылар, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік орган өкілдері, белсенді жастар кіретін жұмысшы тобы құрылып, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін қоғамдық санаға сіңірудің бір­ыңғай жүйесін әзірледі.
Жоба қатысушыларының өнерін сарапқа салған қазылар алқасы жоба қатысушыларының дайындығын, қазақ тіліндегі сөз саптауын, әдеби тілді меңгеруін, көркемсөз оқу шеберлігін, шығармашылық таным-білігін бағалап, үздік шыққандарын анықтады.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары болып І-дәрежелі дипломмен – Mohd Farhad Aoub, ІІ-дәрежелі дипломмен – Рахметова Рухшона, ІІІ-дәрежелі дипломмен – Махаматкулова Дилмира марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 160 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлеріне ІІМ өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді

smarttop

«Марика» атты иттің көмегімен шекарадан «марихуана» есірткісін алып өтпек болған Өзбекстан елінің азаматы ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру