3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫН КӨРСЕТТІ

20 қарашада кезектен тыс ҚР Президенті сайлауы өтті. Бұл саяси науқанның еліміз үшін маңызы айрықша. Өйткені алдағы жеті жылда еліміздің көшін бастап, әлемдік өркениеттегі орнымызды айшықтайтын мемлекетіміздің басшысын сайлаймыз. Сөз жоқ, бұл жауапты да маңызды науқанды халқымыз жоғары белсенділікпен өткізді.
Республикамыздың түкпір-түкпірінде азаматтардың толық дерлік сайлауға қатысуына барынша жағдайлар жасалды. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы аталған маңызды саяси науқанда анық көрінді деуге негіз бар. Елімізде, оның ішінде, Шымкент қаласында сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Себебі елінің ертеңіне алаңдап, кемел келешегі үшін уайымдайтын әрбір азамат дауыс беру арқылы Қазақстанның алдағы жеті жылдық тарихының іргесін қалап жатқанын анық білетін еді. Айрықша айта кетерлігі, бұл жолғы сайлауға тыңғылықты дайындық жасалғаны көрініп-ақ тұрды. Кей сайлау учаскелерінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Он сегіз жасқа енді ғана толған жастар туған күнін дауыс беруден бастаса, жаңадан отау тігіп жатқан жас жұбайлар шаңырағының шаттығы Отанының кемел келешегімен байланысты екенін терең түсініп, сайлау учаскелеріне ат басын бұрды. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз да, ақ халатты жанына серік еткен дәрігер де, шығармаларымен дүйім жұртты тамсандырған зиялы қауым да, талантымен талай биікке шыққан ұлтымыздың мақтаныштары да маңызы зор саяси науқаннан шет қалған жоқ.
Осының өзі берекелі бүгініміздің алтын діңгегі ынтымақ пен ұлтқа деген жанашырлықта жатқанын дәлелдей түскен тәрізді.
Енді міне сайлаудың нәтижесі бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетіп отыр. Алдағы уақытта Жаңа Қазақстанның буыны бекіп, аяқтан тік тұрады деп сенемін. Мен ғана емес, күллі қазақ үкілеген үмітін артып отыр. Десе де дамудың даңғыл жолына түсіп, кемел келешекті құруда бір ғана адамның немесе басшының еңбегі аздық етеді. Мемлекет ұлт ұйысқанда ғана мықты. Халқының бірлігі мықты болғанда ғана қуатты. Сондықтан Қазақстанның дамуы үшін ел болып еңбек етуіміз тиіс. Бойдағы қажыр-қайрат пен күш-қуатты қоғамның гүлденуіне жұмсаумен ғана мемлекетіміздің мерейін үстем етеміз. Осы орайда, Әділетті Қазақстанның салтанат құруы үшін барымды салатынымды айтқым келеді. Бұл – менің перзенттік борышым! Елімізді бірге нығайтып, ынтымақпен Қазақстанымызды көркейте берейік!
Талғат БАЛТАБАЕВ,
AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ПЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ЖАСТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕТІН НЕСИЕ ҮШІН КЕПІЛДІК ТҮРЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛДІ

smarttop

ҚАЛАДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру