0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАМЫЗДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ АРТЫП КЕЛЕ ЖАТЫР

Инвестициялардың жоспарланған сомасы шаршы метріне 10 млн АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқанда жаңадан 300 жұмыс орны ашылмақ.

“Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз”,-деді әкім.Ал компания директоры Искендер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.Жалпы, соңғы уақытта Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артқаны байқалады. Еліміз бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы біраз уақыттан бері оң көрсеткішке ие болуда. Мәселен, таяуда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасаған болатын. Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін айтты.

Атап айтқанда:

  • Өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107,3 пайыз болып отыр;
  • Инвестиция көлемі 403,2 млрд. теңге болып, 18,3 пайызға артты.

Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 млрд. теңге, жеке көздерден 310,2 млрд. теңге;

  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд. теңге немесе 138,6 пайызды құрады;
  • Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метр немесе 126,2 пайыз болды;
  • Жалпы сауда көлемі 1 578,3 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 млрд. теңге, 116 пайыз;
  • Жалпы көлік көлемі 258,0 млрд. теңге болып, 107,7 пайызды құрады.

Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты;

  • Байланыс қызметі 6,9 млрд. теңгені немесе 105,0 пайызды құрады.

Қаламыздың инвестициялық әлеуетінің артып келе жатқанының тағы бір дәлелі, келесі жылдан бастап жылына 80 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Нәтижесінде 250 азамат жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.Аталмыш отырыста шаһар басшысы үшінші мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты көбейту бағытында инвестиция тартуды жалғастыра беретінін, сол арқылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары көптеп артқанын жеткізді.

Жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдері мен инвесторлар басқосқан жиында жалпы 7 жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Олар:Түркиялық «Stars Cosmetics»ЖШС басшысы Абдулхаким Мухаммадмуса «Оңтүстік» индустриалды аймақтан сұйық сабын өндірісін ашуды көздейді. 1,5 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 3 мың тонна өнім болмақ. 2023 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 30 адам жұмыспен қамтылады;

Екіншісі жоғарыда айтылған түркиялық «Milat Hali» ЖШС басшысы Искандер Каплан «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 2,5 га жерге кілем өндіретін зауыт құрылысын салуды ұсынды. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба жылына 5 млн ш/м кілем өндіруді көздейді. Аталған жоба арқылы жұмыссыз жүрген 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыс табатын болады;«Элмехмонтаж» ЖШС басшысы Қанатбеков Ержан құрылысқа арналған газоблоктар шығаратын зауыттың жобасын ұсынды. Жылына 60 мың м3 блок шығаратын қуатты өндіріс ошағын «Жұлдыз » индустриалды аймағынан салуды жоспарлауда. Жобаның құны 500 млн теңге болмақ. Нысан құрылысы 2023 жылы салынып, сәтті жүзеге асса 20 азамат жұмыспен қамтылатын болады.Штаб отырысында бұдан басқа құрамалы контейнер өндіретін, терезе рамаларын жасап шығаратын және сантехникалық жиһаздар мен архитектуралық формалар өндіретін инвестициялық жобалар қаралды. Аталған 3 жоба да жүзеге асса қаламызға тағы да қосымша 1 млрд 200 млн теңге инвестиция тартылып, 75 жұмыс орны ашылатын болады.

Мұрат Дүйсенбекұлы ZOOM бейнеконференциялық байланыс арқылы жобалардың әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді.

Қала экономикасының өсіміне оң ықпал ететін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағы бір сала – ауылшаруашылық саласы. Шымкент ірі қала болып саналғанымен, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді де жолға қойған. Әсіресе жылыжай шаруашылығы жақсы дамып келеді. Соның бірі – «Аянат» шаруа қожалығы.

Таяуда ғана Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында орналасқан 2022 жылы аумағы кеңейіп, модернизациядан өткен осы «Аянат» шаруа қожалығына барған болатын.

Ерте көктем және қыс айларында көкөніс өнімдеріне деген қажеттіліктің орнын толтыру және қияр қызанақ өнімдерінің осы маусым аралық кезеңдерде бағасының шарықтап кетпеуінің алдын алу мақсатында, мемлекет тарапынан қолдаулар қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жылына 500-600 тонна қызанақ өсірілуде. Жалпы аумағы 4 гектарды құрайды. 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУІ 16 МАМЫР МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ

smarttop

СЕССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

smarttop

«ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру