16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ

Үйі жоқтың күйі болмайтыны айтпаса да түсінікті. Бүгінде бір баспанаға зар болып жүрген қаншама отандасымыз бар. Кейбірі мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспаналы болуға үмітті болса, кейбірі ипотека бойынша немесе үлескерлік жолмен тұрғын үйге қол жеткізуге әрекеттенеді. Енді бірі жылдар бойы ақша жинап не үй салады, не сатып алады. Осы мақаламызда баспанаға қатысты түрлі ақпаратты топтастырып отырмыз.

Баспаналы болудың бір жолы – «Отбасы банк» арқылы депозитте ақша жинап, мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша тұрғын үйді жеңілдетілген жолмен сатып алу болып табылады. Инфляцияның өсуімен ақша құнсызданып, депозиттегі салымдардың да құнын жоғалтқаны белгілі. Осыған байланысты мемлекет депозиттерге өтемақы төлеуді қолға алған болатын.

Жуырда Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалының басшылары депозиттер бойынша өтемақы төлеу басталғандығы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз брифингін берді.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болып саналатын Отбасы банкінде ашылған қазақстандықтардың депозиттері ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Бұл Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10% көлемінде өтемақы төленетінін білдіреді.

Салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі бүгін күшіне енген жеке тұлғалардың ұлттық валютада, яғни, теңгемен орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларымен реттеледі.

Бұл деген сөз, 10% көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеге тең. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы. 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге 2,3 млн жинақ шоты болды. Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін біз бұл процесті онлайн режимінде жасадық. Өтініштерді 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарын қоса алғанда www.otbasybank.kz мекенжайы бойынша Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады», — деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Спикердің сөзінше, өтемақы есептелгенге дейін депозитін сақтаған салымшыларға өтемақы төленеді. Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Оның үстіне 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында 138 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 124 өзге елдің азаматы елден аластатылды

smarttop

ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру