17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛУДА

Шымкент қаласында «Аялық алақан» оңалту орталығы 100-ден аса ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуде. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер арнайы мамандардың көмегіне аса зәру.

Орталықта мемлекет қамқорлығына мұқтаж 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге — тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетіледі.

Балаларды өмірге бейімдеуге бағыттылған ем-дом шараларының, педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандарының қарқынды жұмысының нәтижесінде балалардың дамуында оң өзгерістер байқалуда. Мәселен, 11 қызмет алушының — тірек қимылында өзгеріс орын алып, ауыз қуысына жасалған массаждың әсерінен, жұтқыншақтың жұтыну жұмысы 1 балада жақсарған. Сөздік қоры көбейген қызмет алушылар саны 6-ау болса, ұсақ қол маторикасы реттеліп, дауысты дыбыстарды айта бастағандар саны – 4-ке жеткен. Яғни, тұрақты түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың музыка ырғағын сезуі, әуенге қосылып ән салуы, ыңылдауы, жаңа дыбыстарды шығаруында оң көрсеткіштер бар.

Сондай-ақ, қызмет алушылардың ата-аналарымен кері байланысты орнату мақсатында жоспарлы түрде тренингтер ұйымдастырылып, балалардың сауығуы үшін шыдамдылықпен қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндірілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ БАСҚАН АУМАҚТАРЫН ТІКҰШАҚПЕН АРАЛАДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ТЕТІГІ ҚАРАЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру