16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖӨНДЕЛУІ

Шымкент қаласында 9 көпқабатты тұрғын үйге қайтарымды негізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Аталған тұрғын үйлер Әл-Фараби, Еңбекші, Абай аудандарында орналасқан. Жөндеу жұмыстары барысында бұл үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері сондай ақ қасбеті жаңартылмақ.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде.

Аталған жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізілмек.

№65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусының құрылысы жүруде

Шымкент қаласының “Сайрам” ықшамауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов нысанның жұмыс сапасын тексеріп, тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады.

Құрылысы биыл, наурыз айында басталған жаңа оқу корпусы 600 оқушыға шақталған, қосымша екі блоктан тұрады.

Футбол алаңшасы мен жүгіру жолы қарастырылып, инженерлік жүйемен толықтай қамтылатын болады.

Қазірге дейін құрылыстың 30%-ы атқарылды. Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

«Нысандардың сапасы маңызды. Бұл нысанда балалар білім алады, оқиды. Балалар үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз”,-деді әкім ғимаратты аралау барысында.

№72 мектептің жаңа оқу корпусы аяқталуға жақын

Шым шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қайтпас-1 ықшам ауданындағы №72 орта мектептің қосымша оқу ғимарат құрылысын тексерді.

375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Алдағы уақытта 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ғимарат құрылысы жыл соңына дейін 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

Нысан жұмыстарымен танысып шыққан қала әкімі сала мамандары мен мердігер мекемеге жұмыс сапасына баса мән беріп, жобаны уақытылы аяқтауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙТІН ЖАЛҒЫЗ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНА ТУРИСТЕР ЖИІ КЕЛЕДІ

smarttop

ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

«Мемлекеттен 5 миллион теңге әперемін» деп 20-дан астам тұрғынды алдаған алаяқ әйелдер 3 жылға сотталды

smarttop

Пікір қалдыру