Smarttop.kz

Шымкенттік спортшылар топ жарды!

2022 жылдың 20-27 қараша күндері Ақтөбе қаласында Тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасына атынан қатысқан шымкенттік 2 спортшы жүлделі орындар алды. Олар: 🥇1-орын Ғалымжан Темірбаев. 🥉 3-орын Сапарбекова Салтанат.

Ал, семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Кубогының жеке біріншілігінің қорытындысы бойынша:

Ерлер:🥇 Назарбаев (Астана), 🥈Ибрагимов Медет (Алматы), 🥉Рахманәлі Мұхамедәлі (Шымкент),
🥉Нәбиев Жанат (Алматы)

Әйелдер:
🥇Приходко Татьяна (Шымкент), 🥈Гулик Анастасия (Қарағанды), 🥉Сарыбай Әйгерім (Алматы),
🥉 Ұйқы Карина (Алматы)

Кубок «Самұрық-Қазына» қайырымдылық қоры мен «Спорт Қоры» қорының қолдауымен өтуде.

2022 жылдың 26-27 қараша күндері Эстетикалық топтық гимнастикадан Австрияда өткен Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы Шымкенттік «Кармелиты» командасы командалық есепте 3ші орынды иеленді. Команда құрамында: Шарая Елизавета, Кан Элина, Патшахан Саида, Пайзханова Сагдана, Жақсыбек Аида, Тұрдыбай Сания, Елюбаева Сабина өнер көрсетті. Гимнастшылар Алия Юсупова басқаратын Шымкент қалалық #9 көркем гимнастика спорт мектебінің спортшылары.

Үстел теннисі бойынша қарашаның 21-28 күндері аралығында Өскемен қаласында 21 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР Чемпионатыны аяқталды. Аталған жарысқа еліміздің 15 өңірінен 240 спортшы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Шымкент құрама командасы: 4-алтын, 3-күміс, 2-қола медаль жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте Шымкент құрамасы- 1 орын!🏆💪

🥇1-орын қыздар командалық есепте (Миркадирова С., Бахыт А., Усипбаева А., Амангелді А.)
🥇 1-орын қыздар жұптық разрядта Бахыт А.
🥇 1-орын қыздар жекелей разрядта Миркадирова С.
🥇 1-орын аралас жұптық разряд Миркадирова С/Артукметов И.
🥈2-орын ұлдар командалық разряд (Әкімәлі Б., Артукметов И., Қасым Н., Моминжанов А)
🥈 2-орын қыздар жекелей разряд Бахыт А.
🥈 2-орын қыздар жұптық разрядта Миркадирова С.
🥉 3-орын ұлдар жекелей разряд Артукметов И.
🥉 3-орын аралас жұптық разрядта Бахыт А.

Жаттықтырушылар: Боброва Любовь Юрьевна және Керхер Виолетта Игоревна, Нұрлан, Ердаулет Оразбаевтар, Мирякуб, Рустам Мираслановтарды құттықтаймыз!

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІН ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АВТОБУС МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

smarttop

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ҚАЛА СЫРТЫНДА 5 ОРЫНДА САТЫЛАДЫ

smarttop

№6 ЕМХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІ ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗДІ

smarttop

Пікір қалдыру