Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің іскерлік белсендігі тұрақты артып келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың бірнеше түрі бар.
Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарлама аясында 7,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 592 жобаға қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 81 жоба жүзеге асты.
Бұдан бөлек, қабылданған өңірлік «Іскер қала» бағдарламасы да оң нәтиже беруде. Биылғы 556,1 млн. теңгеге 62 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 1,3 млрд. теңгеге дейін 6 пайыздық несие берілуде. Жыл басынан бері 129 жобаға қолдау көрсетілді.Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау; Сонымен қатар, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы кәсіпкерлік салада әйелдердің белсенділігін арттыру мақсатында бизнес-идеяларға қолдау көрсетуде. Мұнда кез келген қыз-келіншек кеңес алып қана қоймай, іс жүзінде көмек пен қолдау да ала алады. Сондай-ақ алдын ала жазылумен сұлулық салондары мен шаштараздар, санитариялық нормалардың және басқа да санитариялық-карантиндік талаптардың сақталуымен жүзеге аспақ. Онда келушілер саны бір уақытта 5 адамнан аспауы, отыратын орындардың қашықтығы кем дегенде 2 метр болуы қажет.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар саны 104 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 40,7 пайызға артты.
Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат сессиясының ХХІІ кезекті отырысында баяндады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі