16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУДА 26 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шымкенттегі Қаратау ауданында 26 балалар ойын алаңшасы халық игілігіне берілді. Оның көбі «Тұран» шағын ауданында орналасқан, есеп бойынша 20 үй ауласына 9 алаңша орнатылып отыр.
Бұдан бөлек «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 6 үй ауласына 3, «Ақжайық» шағын ауданындағы 11 үй ауласына 5, «Асар» шағын ауданындағы 7 үй ауласына 3, «Шымсити» шағын ауданындағы 10 үй ауласына 4, «NewCity» тұрғы үй кешеніне 1, «Асар-2» шағын ауданындағы Жезкиік көшесі аумағына 1 алаңшалар салынды.
Бағдарлама шеңберінде бірқатар ілкімді істер атқырылып, халық тарапынан сенім нығайды. Осы ретте Қаратау аудандық әкімдігі 2023 жылы аудан аумағында тұрғындар ұсынысын ескере отырып, тағы 62 жобаны жүзеге асырмақ. Ареналар екі санатқа бөлінген: ойын алаңдары мен балалар алаңдары. Қаптау материалының рөлі мата немесе кілемшелер болуы мүмкін. Не таңдауға болады, шешесіз. Бір қарағанда, кілемшені жуу оңай, бірақ кішкентай балалар барлық нәрселерді аузынан тартып, бұл жағдайда мата қауіпсіз болады деп ұмытпаңыз. Арена жасау үшін пайдаланылатын материалдардың сапасын ескеру қажет.
Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.
Жалпы «Халық қатысатын бюджет» — қоғамның қатысуымен әзірленіп, енгізілетін бюджет. Мұның тиімділігі зор. Осы арқылы шаһар тұрғындары қалада болып жатқан әрбір өзгерістерді бақылауда ұстап, өз ұсыныстары мен пікірін білдіре алады. Ал әкімдік тұрғындардың ұсынысы негізінде проблемаларды шешуге және тиімді жобаларды жүзеге асыруға атсалысады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ҚЫРЫҚ ЕРТЕГІ – ҚЫРЫҚ КЕЙІПКЕР»: АЛМАТЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚТАР ЖОҒАЛҒАН БЕС ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру