7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН КІМДЕР АЛАДЫ?

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі. 2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені құрайды. Әлеуметтік көмек өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.
Жалпы, елімізде баспанаға деген қолжетімділік – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Баспана мәселесімен бас ауыртып жүрген тұрғындарды қабылдаған Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мемлекеттің қолдауымен тұрғын үйге қол жеткізудің жолдарын түсіндірді.
Басқарма басшысы бұл мәселенің біздің қаламызда да, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері барынша ілгерілеп келе жатқандығын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

smarttop

ШАПЫРАШТЫ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

ШЫНАР- ҮЗДІК ЖАС МАМАНЫ

smarttop

Пікір қалдыру