Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті делінген.
Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтер еңгізіліп, іске қосылды. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар, қала тұрғындар үйінде отырып, 13 мекеменің қызметтерін өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар.
Қала аумағында орталық газ жүйесіне қосылмаған 17 жатақханаларды орталық газ жүйесіне қосу бойынша, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ мамандарымен бірлесіп, зерттеу зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті хаттама түзілген.
Хаттама нәтижесінде: Абай ауданы, Қурманбеков көшесі № 32, Абай көшесі № 8, Иляев көшесі № 7 (жалпы 236 пәтер) жатақханаларға жалпы ас бөлмесіне газ жүйесіне қосуға «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ тарапынан рұқсат берілетіндігі жазылған.
Ал, қалған 14 жатақханаларды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету қажет.
Аталған жатақханаларды орталық газ жүйесіне қосу және сапалы электр желісімен қамтамасыз ету үшін қала әкімінің орынбасары Е.Билисбековтың төрағалығымен 2022 жылдың 18 тамызында жиналыс өткізіліп, жұмыстардың орындалуы бойынша тиісті мекемелерге тапсырма берілген.
Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан үйлерге 2022 жылы бюджет есебінен 2 972 газдабылқаққыш (газосигнализатор) орнату жоспарлануда. Ал, 2023 жылы құрылысы жүріп жатқан үйлерге бюджет есебінен газдабылқаққыш орнату қазіргі таңда нақтылану үстінде.
Шымкент қаласы аумағында әлеуметтік инфрақұрылымға жататын газ тарату жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз газ құбырларының күзет аймақтарын бүлдірген 12 жеке және заңды тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 305-бабына сәйкес, айыппұл салынған (жалпы 95 АЕК-290 985 теңге).
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу «мемлекеттік қызметті» қызмет алушылар тарапынан 14 өтініш келіп тіркелген. Оның: 3-і кері қайтарылып алынған, 3-нен бас тартылған, 8-не келісім берілген.
Осы атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты, тұтынушылар арасында газбен байланысты оқыс-оқиғаларды болдырмау және алдын алу.