Соңғы екі жылда Шымкент қаласындағы 68 мың кәсіпкерлерге және 3,2 мың үй-шаруашылықтарына скрининг жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар пандемия кезінде кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпкерлерге анкета жүргізілген. Осы бағытта кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Іскер қала» өңірлік бағдарлама аясында кәсіпкерлікті әрі қарай жетелейтін құралдарды ұсынылған болатын.
1) «Silkway Alliance» өндірістік паркі толуына байланысты, инфрақұрылымымен толық жабдықталған «Қайнар май» ЖШС тоқтап тұрған ірі кәсіпорының базасында тағы да жаңа өндірістік парктің дайындық жұмыстары жүргізілуде, аумағы 4,3 га, өндірістік алаңы 10 мың 500 ш.м. Аталған өндірістік паркте 48 шағын кәсіпорынды іске асыру жоспарлануда.
2) Сонымен қатар, қаламыздағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында республикада алғашқы болып «Standard» жеке индустриялық аймағы құрылысы жоспарлануда.
Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдары жоспарланған, дайын өндірісті парктер салуға жеке инвестиция көлемі 20 млрд. теңге, өндірістік алаңдарының аумағы жалпы 176,7 мың ш.м. құрайды.
Жобаны 3 кезеңмен іске асыру жоспарлануда:
БІРІНШІ кезең 2022 жылы – 27 мың ш.м., 90 жоба тартып, инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңге, 450 жаңа жұмыс орындары ашылады.
ЕКІНШІ кезең 2022-2023 жылдар – 103 мың ш.м., 345 жоба тартып, инвестиция көлемі 17,2 млрд. теңге, 1 725 жаңа жұмыс орындары ашылады.
ҮШІНШІ кезең 2023 жылы – 49 мың ш.м., 160 жоба тартып, инвестиция көлемі 8 млрд. теңге, 800 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Нәтижесінде «Standard» жеке индустриялық аймағының аумағында шағын бизнестің 595 жобасы іске асырылады, инвестициялар сомасы 29,7 млрд. теңгені құрайды, 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.