0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Еңбекші ауданының инфрақұрылымдық жүйесі

Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Электр жарығына тоқталсақ,  аудандағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 96,5%, жекеменшік жүйе 2,5%, ал, қамтылмаған 1% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады. Жалпы абонент саны – 66 283.

9 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі және қамтылмаған 3%-ды  (Жеке меншік — 1455 абонент: Абдуллабад-355 аб., Тұрдыабад-411 аб, Бадам-1-153 аб., Оңтүстік ш/а-380 аб., Қаратөбе-74 аб., Тоғыс-11 аб., Маятас-71 аб.) (Қамтылмаған — 678 абонент: Бадам-340 аб, Қаратөбе-50 аб, Абдуллабад-129 аб., Маятас-22 аб., Айнатас-17 аб.,) сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жаңа электр желісі тартылды.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, әрбір үйді абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен сапалы электр қуатымен қамту көрсеткішін 99,8%-ға жеткізу жоспарда бар.

Қалған Қарабастау т.а. жаңақұрылысындағы 120 абонентті қамту жұмыстары 2023 жылы жүргізіліп, аудан аумағы толық сапалы электр желісімен қамтылатын болады.

Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша, ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4% (57277 аб.),  жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды (2857 аб.) құрайды.

Қамтылмаған 9,3%-ды (6149 аб.) мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке (Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік) жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Кәріз жүйелерімен қамтамасыз етуі ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 57%-ды құрайды.  Қазіргі таңда «Ұлағат» (2248 аб.),  «Солтүстік-шығыс» шағынауданына (480 аб.,) кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

«Мирас», «Шапағат-2» (1690 аб.) шағынаудандарында құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында жобалау сметалық құжат әзірленіп, қазіргі «Спецкоммунстрой» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАРДЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

55 ТЫС. ГРАЖДАН НАКАЗАЛИ ЗА ЗАГРЯЗНЕНИЕ МЕСТ ОБЩЕСТВЕННОГО ПОЛЬЗОВАНИЯ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру