Smarttop.kz

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША 27,7 МЛН. ТЕҢГЕ ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Шымкенте ауа-райы жылы болғандықтан және жүргізілген жұмыс нәтижесінде халыққа қаражатты қайтару сомасы 27,7 млн. теңгені құрады.
Жылыту маусымында есеп құралдары жоқ тұтынушыларға 1 шаршы метрге – 10,9 теңге қайтарылады. Мысалы, ауданы 60 шаршы м. болатын пәтерге жылыту бойынша қайта есептеу (қаражатты қайтару) 654 теңгені (60 шаршы м*10,9) құрайды.
Департамент «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп 2021-2022 жылдар жылыту маусымының қорытындысы бойынша орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын және жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып (есеп бойынша – 1,99 градус қаралған, нақты 4,6 градус құрады), жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАСУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру