17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

ЖАҢА ЖЫЛ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ РЕТІНДЕ ТОЙЛАНАДЫ

Шымкент қаласында биыл Жаңа жыл жалпыхалықтық мереке ретінде тойланады. Демалыс орындары мерекелік атрибуттармен безендіріліп, қалалық кәсіпкерлер де іс-шараларға өз үлестерін қосып жатыр. Дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілді.
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевтың айтуынша, мерекеге орай Арбат, Қиял әлемі технопаркі, тағы басқа сауда орындары алдында 200-ден астам ірілі-ұсақты шырша тігіліп, кіші сәулет нысандары орнатылды.
— Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл жаңа жыл мерекесін кең көлемде, жаппай тойлау жоспарланып отыр. 31 желтоқсан күні Әл-Фараби алаңында мерекелік Гала-концерт өтеді. Еліміздің танымал өнер жұлдыздары қатысатын концерт кешкі 18:00-де басталып, 00.30-ға дейін жалғасады. Ал таңертеңнен бастап Арбат, Қиял әлемі саябағы аумағында жалпықалалық серуендеу, сауда-саттық, тамақтандыру орындары ұйымдастылады. Тұрғындарды осындай бағдарламаларды тамашалауға шақырамыз. Мерекелік іс-шаралар 1-2 қаңтар күндері де жалғасын табады, — деді аудан әкімі.
Қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков жаңа жыл мерекесіне кәсіпкерлер, кондитерлік мекемелер белсене атсалысып жатқанын атап өтті.
Айта кетсек, қаладағы барлық ауданның орталық аумағында шыршалар орнатылды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА БАРЫНША КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР

smarttop

ДӘУІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ – МҰХТАР ӘУЕЗОВ

smarttop

ОБЩЕРЕСПУБЛИКАНСКАЯ АКЦИЯ “НАРОДНЫЙ ЮРИСТ” ПРОЙДЕТ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру