Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Жыл басынан бері «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарын тарта отырып, «Ақ ниет» ҚҚ, құқық қорғау органдары мен аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен деструктивті діни ағымдарының жақтастарымен 2089 жеке кездесу өткізді.
Ал дiни экстремизмнiң алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері тарапынан 994 іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы, қала аумағында діни ахуал тұрақты және конфессияаралық шиеленістер туындау фактілері орын алған жоқ.

Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу бағытында «Haqjoly.kz» және басқа да интернет жүйесінде жалпы 5 884 ақпараттық материал жарық көрді. Есептік кезеңде әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелмеген.
Айта кетейік, шаһарда рухани (діни) білім беру ұйымдары – «Шымкент медресе колледжі» жұмыс атқаруда. Аталған медресе-колледжде 2022-2023 оқу жылында жалпы 415 түлек білім алуда.

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Сыныптасының атынан бірнеше рет несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТІК АВТОХҚО-ДА ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру