10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРГЕ ТАПШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛГЕН ЖОҚ

Шымкент қаласында соңғы жылдары жүйелі түрде атқарылған жұмыстар нәтижесінде тұрғындары жылу, табиғи газ және электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етіліп отыр.

Мәселен, Шымкент қаласынның табиғи газға деген қажеттілігі сағатына 250 мың текше метрді құрап отыр. Әрі бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Бұрынғы №1 және №4 АГРС-тердің жиынтық қуаттылығы 180 мың текше метрді құрайтын еді. Яғни, өткен жылға дейін Шымкент қаласында газ тапшылығы күрделі мәселелердің бірі болатын. 2022 жылдың сәуір айында №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылып, оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Аталған нысанның арқасында бүгінде Шымкент қаласында газ тапшылығы проблемасы толығымен шешілген.
Сол сияқты Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды сапалы электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде қалада 4 қосалқы станция салынды. Соның ішінде қуаттылығы 160 МВт\сағатты құрайтын «Бозарық» қосалқы станциясының маңызы ерекше.
Бүгінде «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і инвестициялық бағдарламасы аясында 121,3 шақырым электр желілерін (110, 35, 10, 6, 0,4 кВ) жаңартқан. 2023 жылы 126,3 шақырым электр желілерін жаңартып, олардың физикалық тозу деңгейін азайтуды жосапарлап отыр.
Қаланы жылумен қамтамасыз етуде де маусымға дайындық барысында 16 магистралдық, 56 ішкіорамдық ысырмалар ауысқан. «Қуатжыоуорталық-3» кәсіпорнының инвестициялық бардарламасы аясында 0,43 шақырым жылу жүйелері ауыстырылған. Жалпы жұмыс құны 16,638млн.тг құрайды.
Мекеме 2170 тұрғын үй, 174 бюджеттік нысан, (131-білім беру, 31-денсаулық, 6-спорт және 14-мәдениет) және 845 дана коммерциялық құрылымдарды сапалы жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ТЕК ҚЫЗМЕТ ЕМЕС, ҮЛКЕН АДАМГЕРШІЛІК МИССИЯ

smarttop

КОНГРЕС-ХОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН 410 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ 89% ЖОЙЫЛЫП, ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру