Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ ӘЛЕУЕТІНІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Статистикалық деректерге сүйенсек, Шымкент қаласында 1 075 спорт ғимараты бар. Оның ішінде 520 ғимарат дене шынықтыру және спорттық бағытта жұмыс істесе, 503 спорт ғимараты білім мекемелерінде орналасқан. Сонымен қатар, шаһардағы спорт мекемелеріне тиесілі ғимарат саны – 52. Спорт нысандарының 149-ы жеке меншікте екен.
Спорт нысандарының түрлері бойынша жіктер болсақ, Шымкент қаласында 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 спорттық ғимараттар кешені және құрама командалардың 2 оқу-жаттығу орталығы мен 18 спорт кешені халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Мұнан бөлек 37 спорттық манеж, 1 ипподром, 1 ескек есу базасы, 5 тир, 7 ату алаңы мен 1 хоккей, 11 бассейн мен 23 теннис корты, 89 алаң мен 526 спорттық алаң және 275 спорт залы да жұмыс істеп тұр.
Жалпы, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары нысаналы индикаторларымен ерекшеленеді. Соның ішінде спорт саласы бойынша белгіленген жоспарды орындау 4 бағытта жүргізіледі.
Ең алдымен Шымкент қаласы әкімдігінің алдында дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50%-ына дейін жеткізу мақсаты тұр. Бұл бойынша 2022 жылғы меже 35,9% болса (396 336 адам), нақты іске асырылғаны – 36.2%-ға (402544 адам) жеткен.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР NEET САНАТЫНДАҒЫ 55 МЫҢ ЖАСТЫ ІЗДЕУГЕ КІРІСТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

smarttop

ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру