Smarttop.kz

ЖЕРДІ ӨЗ БЕТІНШЕ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА СУ, ГАЗ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ БЕРІЛМЕЙДІ

Шымкент қаласының прокуратурасы мен Шымкент қаласы әкімдігі жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жаңа жобаны іске асыруға кірісті.
Жоба құқық қорғау және жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде талқыланды.
Жиында жерді өз бетінше иелену деректеріне қатысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдын алу жолдары талқыланды.
Осыған дейін жоба менеджментінің Жарғысы, іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс тобы құрылған болатын.
Бірлескен іс-шарада қалалық әкімдік пен коммуналдық мекемелер арасында жер учаскелерін өз бетінше иеленген тұлғаларға су, газ және электр энергиясын беруге тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Мейрамханаға қонақ болып келіп, ұялы телефон ұрлаған егде жастағы әйел анықталды

smarttop

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР ҚАТАРЫ КӨП

smarttop

БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру