21.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

БАЛАЛАР «12 ҚАЛАМ» ЕРТЕГІСІН ТАМАШАЛАДЫ

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жергілікті ақын-жазушыларды қолдау, насихаттау мақсатында балалар жазушысы Қожагелді Исаевтың шығармаларын зерттеп, саралай келе «12 қалам» ертегісін сахналады. Сонымен қатар балалар жазушысының «Саяхатшы Тасбақа» ертегісін сахналауға дайындық үстінде.
Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақтың жеңетінін көрсетеді. Әр ертегі – тұнып тұрған тәрбие құралы. Бұл «12 қалам ертегісін» тамашалауға келген Қожагелді Исаевтың сөзі.
– Бұл шығармаларым проза түрінде жазылған. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұжымы оны пьесаға айналдырып, кішкентай көрермендерімізге сыйға тартыпты, — деді балалар жаазушысы.
Ертегіні тамашалауға келген балалардың бірі №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушысы Құрманғазы Балауса. – Ертегі бізге өте ұнады. Біз мұнда өз заттарымызға мұқият болуға, заттарымызды шашпауға үйрендік. Ертегі ішіндегі қалам түстерімен ойындар ойнадық. Қара қаламның қажеттілігін түсіндік, — деп өз пікірін білдірді кішкентай көрермен.
Ертегінің премьерасы 3 ақпан сағат 11.00, 12.00-де сахналанады.
Театрда жүздескенше, мәртебелі көрермен!

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер әперемін деп, тұрғынды 2,5 млн теңгеге алдаған азаматты ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 8000 БАЛА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ҮЙІРМЕЛЕР МЕН СЕКЦИЯЛАРҒА ТЕГІН ҚАТЫСА АЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру