8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте 2022 жылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру үшін «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ тарапынан 23,2 млн теңгеге Шымкенттегі 3 кәсіпкерлік субьектінің өтінімі мақұлданды. Олар – «SAGGROUPITEX» ЖШС, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС және «EKOL TEXTILE» ЖШС.

Оған қоса 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды (қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістер қолданатын) іске асыруға мемлекеттік гранттар бойынша 245,9 млн теңгеге 56 кәсіпкерлік субьектінің өтінімі мақұлданды.

Сондай-ақ, былтыр «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қызметкерлері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ, «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтарындағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

КОНГРЕС-ХОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

smarttop

2024 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ ТАРАПЫНАН 1180 ПӘТЕР САТЫП АЛЫНҒАН

smarttop

Пікір қалдыру