16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЕЖІРЕ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні ел-жұрттың жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылмақ. Үлкендер жас ұрпаққа бата беріп, елдің, өлкенің тарихын, ерлігін баяндайды.Жеті ата қазақ халқының дәстүрлі салт санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақты жүйесі. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектілік, тәрбие тәлімі өте зор.

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.

Шымкент қалалық орыс драма театрының алдынан басталған мерекелік іс-шара Арбат алаңында жалғасты. «Шымкент цирк» мекемесі ұйымдастырған жиынға қаладағы мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысып, ұлтымыздың дәстүрін дәріптеп, шежіреміз бен тарихымыздан сыр шертті.

Мерекені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтар Әл-Фараби бабамыздан бастап, Шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, қазақтың Домалақ анасы мен Қыз Жібегін көргендей болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған көш Арбат алаңын жүріп өтті.
– Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыздың басталғаны қаламызда ерекше сезіліп жатыр. Бүгінгі Шежіре күнін пайдаланып, ұлылардың көшін ұйымдастырдық. Әр заманның сән-салтанатын көрсетуге тырыстық. Өскелең ұрпақ өткенімен, ата-бабаларымен мақтануы керек, — дейді «Шымкент цирк» мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов.
Айта кетейік, Шымқалада Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі өтіп жатыр. Шежіре күні ел-жұрттың, жеті атаның шежіресі тарқатылып, тарихымыз дәріптеледі.
Арбат алаңында мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ҚҰРСАЙ ЕЛДІМЕКЕНІ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Д.ҚЫДЫРӘЛІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру