Smarttop.kz

Полицейлер алаяқтық жолмен алынған ойын құрылғысын иесіне қайтарды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғынның бірі алаяқтық қылмысы туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, одан белгісіз біреу хабарландыру сайты арқылы «Play Station» ойын құрылғысын жалға алған. Алайда келесі күні жалға алушы бөтеннің мүлкін қайтармайды, тіптен байланысқа шықпайды. Алаяқтық жолмен ұрланған техниканың құны 350 мың теңге. Оқиға бойынша алаяқтың құрбаны болғанын түсінген жас жігіт полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, күдіктіні іздеуге кірісті. Қылмысты ашу мақсатында, барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті Тараз қаласының тұрғынын анықтады. Ол өзінің заңсыз іс-әрекетін мойындады. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты зат ретінде ойын құрылғысын алып, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу алаяқтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Ұқсас ақпараттар

БАУЫРЛАС ТҮРКИЯ ЕЛІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫҒА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АЛҒЫС БІЛДІРДІ

smarttop

ОНЛАЙН САУДАДАҒЫ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДЕР: АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАҢЫЗ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ ҚҰРСАЙДЫҢ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру