Smarttop.kz

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов қалада тұрғын үй құрылысының дамуы бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы шаhарда тұрғын үй құрылысының барысы, құрылыс сапасы, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарынан хабардар етті.
2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 12,9 млрд. теңгеге 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің ( 254,2 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, арендалық 29 үй (1364 пәтер), кредиттік 43 үй (1978 пәтер) салынады. Жыл қорытындысы бойынша 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған.
— Ендігі ретте құрылыс сапасын жақсарту бағытында тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы келісімшартты күшейту мақсатында қосымша талаптар қарастырылып отыр. Мердігерге 21, техникалық қадағалаушыларға 15, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді. Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы (24 сағат) онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру сынды талаптар бар.Құрылыс секторы Қазақстан экономикасының аса маңызды әрі базалық алты саласының бірі болып табылады және оның көрсеткіштері тікелей еліміздің ЖІӨ-сін қалыптастырады. Оның үстіне ол халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша сауда саласынан кейінгі екінші орында тұр. Анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары да тиісті деңгейде орындалуда, — деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, қалада тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер қолға алынған. Атап айтқанда, мердігер компаниялар қасбеттерге заманауи материал, композитті панель қолдану, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату, кіреберістің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу, автоматты суару жүйесін орнатуға назар аударуы тиіс.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер бірнеше алаяқтық қылмысына қатысы бар ер адамды анықтады

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ — БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

smarttop

Шымкент: Әл-Фараби ауданында кешкі уақытта жарамазан айтып жүрген 12 жасөспірім анықталды

smarttop

Пікір қалдыру